Skip to content

«Әзірет Сұлтан» мешітінде жас отбасылармен кездесу өтті

ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен «Әзірет Сұлтан» мешітінде жас отбасылармен кездесу өтті.

Жиынға ҚМДБ Дін мен дәстүр бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Әуесханұлы, Астана қаласының Бас имамы Ерболат Жүсіпов, ардагер мемлекеттік қызметкер, кәсіби медиатор Берік Көпбаев және басқа да дін қызметкерлері мен елордалық отбасылар қатысты.

Жиында әртүрлі дәстүрлі жоралғылар орындалып, жас отбасылар арасында қызықты викториналық сұрақтар ойыны өткізілді. Ол туралы толығырақ тағы баяндаймыз.

Айта кетсек, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен 2025 жыл – «Ислам және отбасы құндылықтары» жылы болып жарияланған болатын. Бұл бағытта жыл басынан бері республика бойынша көптеген іс-шаралар ұйымдастырылып келеді.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *