Skip to content

БАС МҮФТИ: «ТӘУЕЛСІЗДІК – ЕҢ ҚЫМБАТ ҚАЗЫНА»

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы елордадағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітте «Тәуелсіздік-ең қымбат қазына» тақырыбында жұма уағызын айтты.

«Тәуелсіздік – Алла Тағаланың бізге берген үлкен нығметі. Ғасырлар бойы жүргізілген тынымсыз күрес пен қайтпас қайсар бабаларымыздың ерен еңбегі. Алла Тағала қасиетті Құранда «Мәйдә» сүресі, 11-аятында: «Уа, иман келтіргендер! Алланың сендерге берген нығметін еске алыңдар: Сол уақытта бір ел (суық) қолын созған еді де, Алла олардың қолын сендерден тосқан еді. Сондықтан Алладан қорқыңдар және мүміндер Аллаға тәуекел етсін», – деп айтқан.

Аяттың басында: «Алланың сендерге берген нығметін еске алыңдар» деп айтылғанындай, бұл ұлы нығметті жиі еске алып, Алла Тағалаға сансыз шүкірлік білдіруіміз қажет»,-деді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Жұма намазынан кейін Бас мүфти мешіт жамағатымен бірге ел амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасады.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *