
Талдықорған қаласындағы «Салтанат сарайында» Жетісу облыстық дін істері басқармасының ұйымдастыруымен «Рухани келісім жолы: Съезд идеяларын жүзеге асыру» республикалық форумы өтті.
Аталған шараға Жетісу облысы әкімінің орынбасары Диас Рахметұлы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ермек Қасболатұлы, жергілікті атқарушы орган өкілдері, дін істері басқармасының басшылары, дінтанушылар, діни бірлестік жетекшілері және облыс имамдары қатысты.
Іс-шара барысында наиб мүфти Ермек Қасболатұлы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемін жеткізіп, «Рухани келісім – ел бірлігінің өзегі» тақырыбында баяндама жасады.
Жиын соңында дін саласында еңбек етіп жүрген бірқатар мамандар облыс әкімінің Алғыс хатымен және қаржылай сыйақымен марапатталды.
«Жоғары діни қызметі үшін» номинациясымен:
Алпысбаев Жансерік Өмірсерікұлы — Талдықорған қалалық «Нұр» мешітінің бас имамы
Медетбеков Аман Айтбосынұлы — Текелі қалалық «Керімбек би» мешітінің бас имамы
Ордыбай Мұхаммед — «Жетісу» мешітінің наиб имамы
«Белсенді қайырымдылық қызметі үшін» номинациясымен:
Сәрпеков Ұлан — Панфилов ауданының бас имамы
«Үздік ұстаз» номинациясымен:
Асқар Серікбек — Алакөл аудандық мешітінің имамы
Мүтебаева Сабира Кенжебекқызы — Талдықорған қалалық «Тәубе» мешітінің ұстазы
«Жас діни көшбасшы» номинациясымен:
Бердібеков Ерлан Кеңесбекұлы — ҚМДБ Жетісу облысы «Жастар ісі» секторының меңгерушісі
«Үлгілі діни құлшылық үйі» номинациясымен:
Көксу ауданы, Бозтоған ауылдық мешіті
Ескелді ауданы, Алдабергенов ауылдық мешіті
