Skip to content

“Баланы бесікке салу” атты тағылымды іс-шара өткізілді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты Шымкент қаласындағы “Сейітжан қари” мешітінің Діни сауат ашу курсының әйелдер бөлімінің ұйымдастырумен, биылғы “Ислам және отбасы жылы” аясында “Баланы бесікке салу” атты тағылымды іс-шара өткізілді.
Шара барысында қазақтың ұлт болмысынан сыр шертетін “Бесікке салу” дәстүрі кеңінен насихатталып, үлкендер мен әжелер жастарға баланы бесікке салудың мәні мен тәрбиелік қыр-сырын үйретті.
Іс-шара соңында Құран Кәрім хатым дұғасы бағышталып, әжелер нәрестеге ақ бата беріп, көпшілік ризашылықпен тарқасты.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *