Skip to content

ШЫМКЕНТ ИМАМДАРЫ ІІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰРАН ЖАРЫСЫНЫҢ ДЕЛЕГАТЫ

Бүгін Астана қаласындағы Республикалық Бас мешітте ІІ Халықаралық құран байқауы басталды. Рухани шара ұлттық мереке — Республика күні мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 35 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып отыр.
Айтулы шараға шырайлы Шымкент қаласынан шаһар бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлы, Мұхамеджан Естеміров, Бекайдар Әміре, Ербосын Орын, Ербол Қалшабек имамдар қатысты.
Халықаралық деңгейдегі бұл сайысқа әлемнің 21 елінен 22 қари қатысып отыр. Байқау екі күнге жалғасады.

Айта кетейік, Құран жарысы «Munara TV» телеарнасынан және «Муфтият ҚМДБ» YouTube арнасынан тікелей эфирде көрсетілуде.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *