Skip to content

«Зейін» оқырмандар клубында жаңа кітаптың танытымы өтті

Астана қаласындағы «Зейін» оқырмандар клубында жас қаламгер Арсен Шәдидің «Студентке кеңес» кітабының танытымы өтті.

Кездесу барысында автор студенттік кезеңде тілді меңгерудің тиімді тәсілдері, уақытты дұрыс пайдалану және өзін-өзі дамыту жолдары туралы ой-пікірлерімен бөлісті. Бұған дейін Арсен Шәди көпшілікке «TILBIL. Полиглот» кітабы арқылы танылған болатын.

Іс-шара соңында клуб жетекшісі Махамбет Ескендір қатысушыларға белсенділік танытқаны үшін алғысын білдірді.

Айта кетейік, «Зейін» оқырмандар клубының келесі кездесуі 26 қазан күні өтеді. Онда Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына орай қазақ әдебиетінің алғашқы романы — «Бақытсыз Жамал» шығармасы талқыланбақ.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *