
Бүгін Астана қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен мәжілісте 15–16 қазан күндері Республикалық бас мешітте өтетін ІІ Халықаралық Құран жарысына дайындық барысы талқыланды.
Мәжіліске ҚМДБ Бөлім басшылары мен жауапты мамандар қатысып, Құран жарысын жоғары деңгейде өткізуге қатысты өз бағыттары бойынша баяндама жасады.
Күн тәртібінде жарыстың жалпы бағдарламасы, өткізу орнының безендірілуі, қатысушы қарилар мен төрешілердің келу-кету үдерісі, қонақтарды күтіп алу, сондай-ақ ақпараттық және техникалық қамтамасыз ету мәселелері қаралды.
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жиын соңында ұйымдастыру тобына нақты тапсырмалар беріп, барлық бағыттағы жұмыстарды жүйелі және үйлесімді жүргізу қажеттігін атап өтті.
