
ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының 2025 жылға арналған бағдарлық бағдарламасы аясында Алматы қаласындағы «Әбу Ханифа» медресе-колледжінің ІІ курс студенттері аралық бақылаудан өтті.
Бақылау жұмыстарын ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Хасан Ташайұлы Аманқұлов пен Алматы орталық мешітінің ұстазы Қуаныш Тоқсанбайұлы Әбішев жүргізді.
Іс-шара барысында шәкірттердің шариғат ілімдері бойынша білім деңгейі тексеріліп, қазақы таныммен ұштасқан діни түсініктерді меңгеруіне ерекше назар аударылды.
Хасан Ташайұлы өз сөзінде болашақ дін қызметкерлерінің жан-жақты білімді, заманауи талаптарға сай әрі ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген тұлға болып қалыптасуының маңыздылығын атап өтті.
Аталған аралық бақылау – діни оқу орындарындағы білім сапасын арттыруға және білікті кадр даярлау ісін жетілдіруге бағытталған маңызды шара болып саналады.
