Skip to content

ЖЕТІСУДА БАБАЛАР РУХЫНА 100 ҚҰРАН ХАТЫМ ДҰҒАСЫ БАҒЫШТАЛДЫ

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Талдықорған қаласындағы орталық «Иман» мешітінде өткен рухани шарада Жетісу жерінен шыққан бабалар рухына арнап, 100 Құран хатым дұғасын жасады.

Дәстүрлі түрде жалғасып келе жатқан игі шараға зиялы қауым өкілдері, республикалық Құран байқауының әділқазылары, қарилар мен қала тұрғындары қатысты.

Тарихи іс-шарада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы:
«Біз ата-бабасын ардақтаған, әулие-әмбиесіне лайықты құрмет көрсеткен халықпыз. Республикалық Құран байқауы қарсаңында қариларымыз жүз рет Құранды толық хатым етті. Бүгін осы оқыған қасиетті Құран аятын бабалар рухына бағыштап отырмыз. Хадис-шарифте: «Расында Алла Тағала (ізгі ұрпақтың дұғасымен) пенденің дәрежесін көтереді. Сонда пенде: «Бұл ненің себебінен?» деп сұрайды. Алла Тағала: «Сенің ұрпақтарыңның дұғасы себепті» деп жауап береді» делінген. Біздің жасаған дұғамыздың себебінен бабаларымыздың рухы пейіште шалқығай деп үміттенеміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай», – деді.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *