Skip to content

ХІV РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰРАН КӘРІМ БАЙҚАУЫНА 5 КҮН ҚАЛДЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен 2025 жылдың 4-5 қазан күндері Талдықорған қаласында қасиетті «Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша XIV республикалық байқау» өтеді.

Республикалық деңгейде өтетін дәстүрлі додаға небәрі 5 күн қалды. Байқауда еліміздің әр өңірінен алдын ала іріктеуден өткен ең үздік қарилар бақ сынайды. 

Байқау Құран Кәрімнің 30 парасын, 20 парасын, 10 парасын жатқа оқу және мәнерлеп оқу номинациялары бойынша өтеді.

Құран байқауына қатысушыларға қойылатын талаптар:

  • Құранды қатесіз жатқа және тәжуидімен көркем оқуына баса мән беріледі;
  • үміткер өз облысындағы алдын ала іріктеу сайысында 1-орын алған жағдайда ғана жарысқа жолдама алады;
  • толық Құранды жатқа оқу номинациясы бойынша қатысатын үміткер Республикалық, халықаралық жарыстарда жүлделі орын алмаған болуы керек;
  • үміткер ҚР ер азаматы болуы керек;
  • үміткердің 30 жастан аспаған болуы керек;
  • үміткер жарысқа тек бір номинация бойынша ғана қатыса алады.

Байқауға қатысу үшін:

  1. Облыс Бас имамының ұсыныс хаты;
  2. Үміткердің анкетасы;
  3. Жеке куәлік көшірмесі;
  4. Іріктеу сайысының сертификат көшірмесі талап етіледі

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге қаржылай сыйлықтар табысталып, арнайы сертификаттар беріледі. 

Номинациялар:

  1. Толық Құранды жатқа оқудан;

1-орын Автокөлік

2-орын (4 000 000 тг.)

3-орын (3 000 000 тг.)

4-орын (1 500 000 тг.)

5-орын (1 000 000 тг.)                                        

  1. Құранның 20 парасын жатқа оқу бойынша;

1-орын (3 000 000 тг.)

2-орын (2 000 000 тг.)

3-орын (1 500 000 тг.)

4-орын (800 000 тг.)

5-орын (500 000 тг.)

  1. Құранның 10 парасын жатқа оқу бойынша;

1-орын (1 500 000 тг.)

2-орын (1 000 000 тг.)

3-орын (750 000 тг.)

  1. Құранды мәнерлеп оқу бойынша;

1-орын (700 000 тг.)

2-орын (500 000 тг.)

3-орын (300 000 тг.)                                        

Жарысқа қатысып, жүлде алмаған 64 үміткердің әрқайсына 70 000 теңгеден беріледі.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *