
Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Бас мүфтилерінің VI мәжілісі аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Имам Сарахси атындағы орталық мешітте жұма уағызын айтты.
Қасиетті жұма күні еліміздің Бас мүфтиі жамағатқа ислам құндылықтары, бірлік пен ынтымақ, бауырмалдық пен ізгілік жөнінде уағыз айтты. Сондай-ақ, дініміздегі бауырластықтың, аманатқа адал болудың, жастарды дұрыс тәлім-тәрбиеге бағыттаудың маңыздылығына тоқталды.
Жұма намазына Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Абдулазиз қажы Закиров, Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің мүфтилері, ғалымдар мен мешіт жамағаты қатысты.
Соңында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жамағатқа дұға жасап, елдерімізге амандық, жерімізге тыныштық, халқымызға береке-бірлік тіледі.