Skip to content

БІШКЕК: БАС МҮФТИЛЕР АҒАШ ОТЫРҒЫЗДЫ

Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында өтіп жатқан Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Бас мүфтилерінің VI мәжілісі аясында Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасының ауласында ағаш отырғызу рәсімі өтті.

Айта кетейік, мәжіліс барысында климаттың өзгеруін тоқтату, қоршаған ортаны қорғау және экологиялық суды үнемдеу сынды мәселелерді шешу жөнінде арнайы үндеу қабылданған болатын.

Игі шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Түркия Дін істері басқармасының төрағасы Али Ербаш, Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Шейх Нуриддин қажы Холиқназар, Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Абдулазиз қажы Закиров қатысты.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *