Skip to content

«Дін мен дәстүр» бағыты бойынша іс-шара өтті

Шымкент қаласы, Тұран ауданы бойынша «Дін мен дәстүр» бағытына жауапты, «Әбу Бәкір Сыддық» мешітінің имамы Айтмұхан Ерболсын имамның ұйымдастыруымен «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялануына орай, «Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмысшыларымен кездесу өтті. Кездесу барысында, имам Ербосын қажы жұмысшыларға «ҚОҒАМДА АДАЛДЫҚТЫҢ, АДАЛ ЕҢБЕК ПЕН АДАЛ БОЛУДЫҢ МАҢЫЗЫ» және «ИСЛАМ ЖӘНЕ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ» тақырыптарында әсерлі уағыз — насихаттар айтты. Кездесу соңында, жұмысшылар тарапынан қойылған дін мен дәстүр бағытындағы сұрақтарға тұшымды жауаптар берілді.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *