Skip to content

БҚО: РАНТ мүшесі іссапармен барды

ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі, Республикалық ақпараттық-насихат тобының (РАНТ) мүшесі Батыржан Мансұров Батыс Қазақстан облысына іссапармен барды

Сапар барысында ол «Отбасы құндылығы» тақырыбында өткен подкастқа қатысып, қоғамдағы отбасының маңызы, ер мен әйелдің өзара сыйластығы, ата-ана мен бала арасындағы жауапкершілік жайлы тағылымды ойларымен бөлісті.

Сонымен қатар, ҚАЖД-ның 27-түзету мекемесінде жазасын өтеушілермен кездесіп, «Дәстүрлі ислам діні» тақырыбында семинар өткізілді.

Іссапар аясында Батыржан Мансұров Орал қаласындағы облыстық «Ар-Рахман» мешітінде «Жан мен тәннің рухани тазалығы» тақырыбында жұма уағызын жүргізді.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *