
ҚМДБ Түркістан облысы Төлеби ауданы орталық «Нұр» мешітінде кәсіпкерлердің демеушілігімен «Жаңа оқу жылына – жаңа жабдықтар» атты қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
Қасиетті Құран оқумен басталған шарада аудан бас имамы Үсен Саурабаев демеуші қор басшылығына алғыс айтып, ата-бабаларының рухына Құран бағыштады.
Акция аясында орталық «Нұр» мешітіне тіркелген әлеуметтік аз қамтылған, жалғыз басты 200 отбасынан шыққан 100 ұл бала мен 100 қыз балаға мектепке қажетті оқу құралдары салынған сөмкелер табысталды.