Skip to content

«Узғон ата» мешітінде әдеп пен ахлақ жайлы тәрбие сағаты өтті

Шымкент қаласы, «Узғон ата» мешітінде ұстаз Мухаббат Ергашеваның ұйымдастыруымен шәкірттерге  «Исламдағы әдеп және ахлақ» тақырыбында тәрбиелік кездесу өтті.
Кездесуде мұсылман бойындағы көркем мінез, ата-ананы құрметтеу, қыз баланың қоғамдағы орны, үлкенге ізет, адалдық, ашуды жеңу және сабырлылық секілді тақырыптар кеңінен түсіндірілді.
Оқушылар сұрақтар қойып, пікірлерімен бөлісті. Ұл-қыз балаларға күнделікті өмірде әдеп қағидаларын ұстанудың нақты жолдары айтылып, жиын жылы әрі пайдалы рухани әсер қалдырды.
 
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *