Жазғы маусымда ұйымдастырылған екі айлық діни сауат ашу курсында шәкірттер әліппені тәмамдап, намаз дұғалары мен қысқа 10 сүрені тәжуид ережелерімен жаттап, игі нәтижеге қол жеткізді. Сонымен қатар, шәкірттерге: Ислам әдебі, Ғибадат негіздері, Ақида ілімі, Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.у) өмір тарихы пәндерінен білім берілді. Іс-шара соңында 106 шәкіртке арнайы сертификат пен Құран кітабы табысталды. Алла Тағала шәкірттеріміздің әр оқыған әрпін сауапқа айналдырып, алған білімдерін амалға асыруды нәсіп етсін! Олар Құранмен өсіп, иманды ұрпақтың жалғасына айналсын!
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі








