Шымкент қаласы Еңбекші ауданына қарасты “Тәжібай ата” мешітінде қыз шәкірттерімізге арналған “Имани жаз-2025” сауат ашу курсы өз мәресіне жетіп, қоштасу кеші өтті. Қоштасу кешіне Еңбекші ауданының әйел қыздар секторының жетекшісі Гүлжан ұстаз арнайы қатысып “Көркем ахлақ- екі дүниенің бақыты” тақырыбында уағыз насихат айтты. Алланың кәләмі Құранды үйрену мақсатымен 20 қыз шәкірт екі ай бойы дәрістерге қатысып, 5 шәкіртіміз әліппені тәмәмдап Құранға түсті. Қоштасу күніне орай шәкірттерге дастархан жайылып, арнайы сыйлықтармен марапаттар табысталды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі
