Skip to content

НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ ИМАМДАРҒА НАСИХАТ АЙТТЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Ұлытау облысына жасаған жұмыс сапары барысында өңір имамдарымен кездесті. 

Бас мүфти дін қызметкерлеріне тек уағыз-насихатпен шектелмей, қоғамдағы тәрбиелік, ағартушылық және діни тұрақтылық бағытындағы жұмыстарға да белсене араласуы қажет екенін атап өтті.

Кездесу барысында діни білім мен кадр даярлау мәселесіне де айрықша назар аударылды. Қазіргі таңда Ұлытау өңірінің жастары Нұр-Мүбәрак Египет ислам мәдениеті университетінде білім алуда. Сондай-ақ, бірқатар шәкірт аталмыш университеттің дайындық курсына қабылданған.

Кездесу соңында Бас мүфти дін қызметкерлеріне сәттілік тілеп, ел мен халық игілігі үшін атқарылып жатқан қызметтеріне алғыс білдірді.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *