
Өзбекстанның қос шынары Бұхара мен Самарқанд қалаларына саяхаттау тур өтілді. Қаратау ауданы Мухаммед Нұр мешіті ұстаздары мен шәкірттері Ташкент қаласы, Бұхара мен Самарқанд қаласына саяхат ұйымдастырды. Бұхара – 2,5 мың жылдық тарихы бар, Өзбекстан территориясының орталық бөлігінде орналасқан көне қала. Ерте орта ғасырлардан бастап Бұхара – Орта Азияның басты білім ордасы, ал Азиядан Еуропаға жүретін сауда керуендерінің тоқтайтын негізгі қалаларының бірі болған. Өзбекстанның көне қаласында 100-ден астам медресе, әр кезеңнің түрлі сәулет стилінде мешіттер, мавзолейлер мен бекіністер және өзбек шахтарының сарайлары сақталған. Орта Азияның мәдениеті, тарихы мен халқының тұрмыс-тіршілігі туралы білгіңіз келсе, Бұхараға баруды жоспарлаңыз.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі