Skip to content

ШҚО: Имамдар тарихи мекенде болды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шығыс Қазақстан облысы бойынша өкілдігі өңірдегі аудан имамдарының біліктілігін арттыру мақсатында арнайы білім жетілдіру курсын ұйымдастыруда. Курстың басты мақсаты – имамдардың діни, рухани, тарихи танымын кеңейтіп, қоғаммен тығыз әрі мазмұнды байланыс орнатуға дайын маман қалыптастыру.

Курс барысында қатысушылар ҚМДБ-ның «Дархан дала» жобасы аясында Ұлан ауданына қарасты, тарихи әрі киелі орындардың бірі – Сағыр ауылындағы Ақбауыр қорығына зиярат жасап, ел мен жердің өткенімен, мәдени-рухани мұрасымен терең танысты. Ақбауыр – тарих қойнауынан сыр шертетін, бағзы дәуірлерден қалған петроглифтерімен әйгілі, халқымыздың бай рухани әлемін танытатын ерекше мекен.

Білім жетілдіру курсы барысында имамдарға түрлі бағыттағы рухани-танымдық дәрістер, тәжірибелік семинарлар мен сұхбаттар да ұсынылуда. Сонымен қатар, дін қызметкерлерінің өзара тәжірибе алмасуына, қазіргі діни ахуал мен қоғамдағы өзекті мәселелер жөнінде пікірлесуіне мүмкіндік берілуде.

Шараға қатысушы дін қызметкерлері ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, мұндай танымдық-рухани бағыттағы курстардың алдағы уақытта да жиі өткізілуі қажет екенін атап өтті.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *