Skip to content

БРАЙЛЬ ҚАРПІМЕН ЖАЗЫЛҒАН ҚҰРАН КӘРІМ КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

Алматы қаласындағы Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде ерекше рухани іс-шара өтті. 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен дайындалған, көру мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған Брайль қарпімен жазылған Құран Кәрім кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

Аталған игі жоба Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бағдарлық баяндамасында айтылған маңызды бастамалардың бірі ретінде жүзеге асып отыр.

Сондай-ақ, алдағы уақытта бұл кітаптың барлық өңірлік өкілдіктерге таратылып, арнайы оқыту курстары ұйымдастырылмақ.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *