Skip to content

Жамбылдағы кәсіпорындар тексерілді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасы аясында «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау мекемесінің директоры Айбек Асқарбекұлы Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барып, өңірдегі сертификатталған кәсіпорындарда жоспарлы аудит жұмыстарын жүргізді.

Аталған шараға Жамбыл облысының бас имамы Асқар Зәкіржанұлы және жергілікті технолог Аблайхан Кәріпбаев бірге қатысты. Аудит барысында кәсіпорындардың халал стандарт талаптарына сай жұмыс жүргізуі, өндіріс процестерінің дұрыстығы мен шариғатқа сәйкестігі жан-жақты тексерілді.

Атап айтқанда, «Алель Агро» қасапханасы, «Сарыбас», «Асланбек», «Шамахсутов» шұжық цехтары, сондай-ақ, Қордай ауданындағы бірқатар кәсіпорындарда бақылау-қадағалау шаралары жүргізілді. Одан бөлек, «Алға» қасапханасы, сертификаттаудан өтуге өтініш білдірген «Бастау Снаб» қасапханасы, сондай-ақ, «Қордай» сүт өндірісі тексерілді.

Сонымен қатар, Қордай ауданы имамдарына арнап халал стандарты туралы оқу-семинар ұйымдастырылды. Семинарда халал және харам ұғымдары, өндірістегі шариғат талаптары, халал сертификаттау жүйесі, сондай-ақ, қазіргі таңда жиі кездесетін мәселелер туралы ақпарат берілді.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *