Skip to content

Шымкент: Құрбан айтқа байланысты брифинг өтті

Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі орталығында қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған брифинг өтті.

Іс-шараға ҚМДБ Шымкент қаласының бас имамының бірінші орынбасары Мұсабек Ақтанберді және бас имамның орынбасары Мұхамеджан Естеміров қатысып, БАҚ өкілдеріне мерекеге дайындық барысы жөнінде мәлімет беріп, қойылған сұрақтарға жауап берді.

Брифинг барысында Құрбан айт мерекесін жоғары деңгейде ұйымдастыру мақсатында атқарылатын негізгі жұмыстар таныстырылды. Айт күндері қала мешіттерінде ұлттық салт-дәстүрге сай іс-шаралар ұйымдастырылып, мерекелік дастархан жайылып, ұлттық ойындар өткізіледі. Сонымен қатар, мұқтаж жандарға көмек көрсету мақсатында «Раббың үшін құрбан шал» атты қайырымдылық акциясы жүзеге асырылады.

Сондай-ақ, қашықтан құрбан шалуға арналған арнайы сайттың жұмыс істейтіні айтылды. Қаржылай мүмкіндігі бар, әрі сапарда емес мұсылманға құрбан шалу – уәжіп амал. Ал мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін бұл міндет жүктелмейді. Айт күндері садақа беріп, қараусыз қалған қарттарға, жетімдер мен көпбалалы отбасыларға көмек көрсету – сауапты іс екені атап өтілді.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *