Skip to content

БАС МҮФТИ ШЫМКЕНТТЕ ЖҰМА УАҒЫЗЫН АЙТТЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Шымкент қаласына барған сапары барысында «Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti» мешітінде «Исламдағы сауда-саттықтың орны» тақырыбында жұма уағызын айтты.

«Асыл дінімізде еңбек ету, адал ризық табу – құлшылық. Бірақ, ризық табамын деп тыйым етілген шекараны аттауға болмайды. Осы себепті кәсіп жасаймын деген адам дініміздегі сауда-саттықтың шарттары, оның әдебі жайында білгені дұрыс. Сонда ол дұрыс сауда жасап, адал ризық табумен қатар, сауапқа да кенелетін болады.

Ибраһим ән-Нахағиден (Алла оны рақымына алсын) адамдар: «Сіз үшін адал, шыншыл саудагер жақсырақ па, әлде бірыңғай ғибадатпен айналысқан адам жақсырақ па?», – деп сұрайды. Сонда ол: «Мен үшін адал, шыншыл саудагер артығырақ. Себебі, ол таразымен тартып алуда, сатуда, ақша алып, беруде әркез шайтанмен күресте болады», – дейді.

Осы себепті біз тек дүние жинап қоймай, Алланың разылығына лайық болуды да ойлауымыз керек. Таразыда әділетті болайық, сөзіміз бен ісімізді түзетейік. Өйткені, саудадағы адалдық – жүректегі иманнан хабар беріп, сауда арқылы адамдықты, сенімділікті жоғалтпай, керісінше сол арқылы иманымызды нығайтайық»,- деді Бас мүфти

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *