Skip to content

50 шәкірт қасиетті Құранға түсті

Шымкент қаласы, Айқап мешіті қыздар секторының ұйымдастыруымен ерекше рухани әсерге толы тәж кию кеші өтті. Бұл салтанатты шарада 50 шәкіртіміз қасиетті Құран Кәрімді толық хатым етіп, жүректеріне нұр, өмірлеріне жолбасшы етіп қабылдады.

Кеш барысында шәкірттерге Құран Кәрім мен арнайы подставка (тұғыр) сыйға тарту етілді. Бұл – олар үшін үлкен рухани марапат, әрі естен кетпес сәт болды.

Қонақтар саны – шамамен 80 адам. Олардың қатарында ата-аналар, ұстаздар, қонақтар мен жанашыр жандар болды. Барлығының жүзінен қуаныш пен ризашылықтың нұры байқалды.

Бағдарлама өте әсерлі әрі мазмұнды өтті:
– Шәкірттер жүрек тебірентер нашидтер орындады;
– Көріністер қойылып, Құранға деген махаббат көркем сахналанды;
– Шәкірттерге тәж тағу рәсімі өткізілді;
– Құттықтау сөздер айтылып, жүректен шыққан ақ тілектермен өрнектелді.

Бұл кеш — тек бір сәттік мереке емес, Құранмен өмір сүрудің бастамасы болды. Осындай игі шаралар шәкірттердің рухани жолында берік қадам басуына себепкер боларына сенеміз.

ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *