Skip to content

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ

«Әлемнің тұрақты дамуына қол жеткізудегі діни лидерлердің рөлі» тақырыбындағы халықаралық онлайн-конференцияда ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы баяндама жасады.

«Расында, қазіргі алмағайып заманда ізгілік, мейірімділік бауырмалдық, жауапкершілік сияқты қағидаттардың қадірі арта түсті. Бұл ретте адамгершілік құндылықтарды ғаламдық деңгейде дәріптеуде дін көшбасшылары айрықша рөл атқарады»,- деді Бас мүфти.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы жуырда Астанада өткен VI республикалық имамдар форумына жолдаған құттықтау хатында «Бүгінде конфессияаралық татулықтың Қазақстанға тән бірегей үлгісін бүкіл әлем мойындайды. Биыл Астанада өтетін Дүниежүзілік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезі – осының айқын дәлелі.

Азаматтардың өзара сенімін нығайту және жауапкершілік, жанашырлық, әділдік сияқты қағидаттарды орнықтыру – қашанда басты міндет. Бұл ретте құрылғанына биыл 35 жыл толған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы маңызды рөл атқарады» деп атап өткен болатын.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *