ҚМДБ-ның «Ислам және отбасы құндылығы» бағыты аясында Ақтөбе қалалық орталық мешітінің бас имамы Нұрлыбек Күзенбаевтың бастамасымен «Отбасы бақыты және оның құндылықтары» атты жас отбасыларға арналған семинар өтті.
Семинарда орталық мешіттің наиб имамы Ерәлі Құлмағанбетұлы «Отбасы бақытының Пайғамбар өміріндегі үлгісі» тақырыбында уағыз-насихат жүргізіп, Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) отбасы үлгісін қазіргі қоғамға қажетті рухани тәрбие ретінде ұсынды.
«Бақытжан» мешітінің ұстазы Анар Қойшығұл «Әйел даналығының сыры» туралы кеңінен баяндап, отбасындағы береке мен татулық әйелдің көрегендігімен тығыз байланысты екенін жеткізді.
Ал «Әзіреті Біләл» мешітінің бас имамы Нұрлыбек Такеев «Ерлі-зайыптылардың өзара міндеттері» жайында сөз сөйлеп, ер мен әйел арасындағы түсіністік пен ортақ мәміленің маңыздылығына тоқталды.
Семинар соңында қатысушы қыз-келіншектерге гүл шоқтары табысталып, барлық спикерлерге мешіт бас имамы Нұрлыбек Шакизадаұлы арнайы алғыс хат пен естелік сыйлықтар ұсынды.