Skip to content

Атырау облысының бас имамы Индер және Махамбет аудандарына барды

Атырау облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы жұмыс сапарымен Индер және Махамбет аудандарында болды. Іссапар аясында өңір бас имамы аталған аудандардың әкімдерімен кездесіп, діни ахуал мен рухани тәрбие бағытындағы өзекті мәселелерді талқылады.

Индер ауданы әкімі Серік Бақытжанұлымен өткен кездесуде жастар тәрбиесі, теріс ағымдардың алдын алу, дін қызметкерлерінің қоғамдағы рөлі және мешіттердің әлеуметпен байланысы сөз болды.

Махамбет ауданындағы сапар барысында облыстың бас имамы аудан әкімі Қайрат Есқабылұлымен кездесіп, дін мен дәстүр сабақтастығын нығайту, мешіттердің рухани-тәрбиелік рөлін арттыру мәселелері бойынша пікір алмасты. Аудан басшысы әкімдік тарапынан мешіттермен бірлескен жұмыстарға қолдау болатынын атап өтті.

Сапар қорытындысында Болатбек Ұласқанұлы ҚМДБ баспасынан жарық көрген «Бабалар ізімен: Қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп» кітабын аудан әкімдеріне тарту етті.

Екі аудандағы кездесулер барысында мешіттердің жұмысы, жамағатпен байланыс және діни ағарту бағытындағы шаралар жан-жақты қарастырылды.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *