Skip to content

Ұлы Отан Соғысының 80 жылдығына орай Хатым Құранның сауабын бағыштау рухани шарасы өтті

Шымкент қаласы, Қаратау аудандық “Байғұт баба» мешітінде
Ұлы Отан Соғысының 80 жылдығына орай, сұрапыл соғыста қаза болған боздақтардың рухына арнап Хатым Құранның сауабын бағыштау рухани шарасы өтті.

Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлы Абдрахмановтың тапсырмасы мен ұйымдастырылған рухани шарада, Қаратау ауданының бас имамы Қалшабек Ербол Тастанбекұлы
Хатым Құран дұғасын жасап, сауабын марқұмдарға бағыштады.

Рухани шараға Қаратау ауданында орналасқан барлық мешіттердің имамдары мен дін қызметкерлері қатысты.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *