Шығыс Қазақстан облысының Бас имамы Думан Нәдірұлы Зайсан ауданының әкімі Аэлита Ахметсәлімқызымен кездесіп, діни тұрақтылық, жастарды жат ағымдардан сақтау және мешіттердің жай-күйін талқылады.
Бас имам жергілікті ақсақалдармен, жамағатпен кездесіп, рухани тәрбие мен бірлік жөнінде пікір алмасты. «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында Қаратал ауылында әлеуметтік жағдайы төмен отбасыға үй табыстады.
Сондай-ақ, аудандағы дін қызметкерлерімен кездесіп, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының «Бағдарлық баяндамасында» көрсетілген міндеттердің орындалуына назар аударуды тапсырды.