Астана қаласында өткен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық фестивалі аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жастардың белсенділігін жоғары бағалап, оларға арнайы қолдау білдірді.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Мемлекет басшысының бұл бастамасын қолдап, қоршаған ортаны қорғау мен тазалықты сақтау мәселелерін үнемі насихаттап келеді.
Ислам дінінде тазалыққа ерекше мән беріледі. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) «Тазалық – иманның жартысы» деген хадисі осының айқын дәлелі.
Осы бағытта ҚМДБ тарапынан еліміздің мешіттерінде «Ізгі қоғам – Таза әлем», «Қайырымды ел – Таза мекен» сынды игі акциялар ұйымдастырылып, жұма уағыздарында экологиялық тәрбие мәселелері жиі айтылуда.
Айта кетейік, аталған іс-шараға ҚМДБ Жастар ісі секторының меңгерушісі Бағжан Күзекбайда қатысты.