ҚМДБ «Діни оңалту» бөлімінің маманы, орыс тілді РАНТ мүшесі Ислам Маратұлы Алматы қаласына іс-сапармен барды.
Сапар аясында Алматы Орталық мешітінде «Мұсылманның байлығы – білім» және Жетісу ауданындағы «Вайнах» мешітінде «Ысырапшылдық – Алла сүймейтін іс» тақырыптарында уағыз айтып, жамағатпен жүздесті.
Келесі күні түзету мекемесінде жеке кездесулер өткізіп, жат ағымдар жайлы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ «Әбу Ханифа» медресе-колледжінде дәріс оқып, «Төле би» мешітінде «Жат ағымның зардабы» тақырыбында уағыз айтты.