Павлодар облысының бас имамы Жолдас Қоспақұлы қалалық «Ақмешіт» мешітінің бас имамы Әбілқайыр Клышевпен бірге Павлодар ауданына қарасты ауыл мешіттерін аралады.
Іс-сапар барысында өкіл имам Набережный ауылындағы «Нұржаусын» мешітінде жамағатпен кездесіп, «Ислам және отбасы құндылықтары» тақырыбында насихат айтты.
Мұнан кейін Чернорецк ауылындағы «Әбу Шахман» мешітіне барып, ҚМДБ-ның төрт бағытын кеңінен түсіндіріп, жастарды жат ағымдардан сақтануға шақырды.
Сапар соңында Жамбыл ауылындағы мешітте сенбілікке қатысып, жамағатпен жүздесті. Кездесулер барысында ҚМДБ жұмыстары мен діни сауаттылықты арттыру мәселелері сөз болды.