Skip to content

Шымкентте бата беру сайысы өтті

Шымкент қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 35 жылдығына орай ақсақалдар арасында ІІ республикалық бата беру байқауына іріктеу сайысы ұйымдастырылды.

Айтулы шараны Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Сайысты Шымкент қалалық мешіттің «Дін мен дәстүр» бағытына жауапты Самат Анарбаев жүргізді. Ал сайысқа қатысушыларға мемлекет және қоғам қайраткері Шалатай Мырзахметов, ҚМДБ Ақсақалдар кеңесінің мүшелері Бекайдар қажы Әміре, Нұркөз қажы Жаңабаевтар төрелік етті. Сайыстың бірінші кезеңінде, «Дін мен дәстүр» бағыты бойынша сұрақтар қойылды, екінші кезеңінде, «Бата түрлері» бойынша бата берді және әр қатысушыға бата беру үшін 10 минуттық дедлайн қойылды. Сонымен қатар, ақсақалдардың сөз саптауына, сыртқы киіміне де қосымша баға берілді.

Сайыс нәтижесіне бойынша:

І орын – Пердехан Аймаханұлы

ІІ орын – Жұлдыз Данаев        

ІІІ орынға Жексенбай Намазбеков пен Ісенбек Битаевтар ие болды. Жалпы  бата беру іріктеу сайысына 15 үміткер батагөй қариялар тіркеліп, бақтарын сынады. Жеңімпаздарға қаржылай және заттай сый-сияпат жасалды.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *