Skip to content

50 студентке ауызашар себеті таратылды

Рамазанның алғашқы он күндігінде 50 студентке ауызашар себеті таратылды
 
Шымкент қаласының бас имамы Бағдәулет қажы Нұрматұлының бастауымен, Рамазанның алғашқы он күндігінде Жастар Ісі Секторы бағыты бойынша 50 студентке ауызашар себеті таратылды.
 
Қасиетті Рамазан айында ауызашар уақытында Шымкент қаласындағы Еңбекші аудандық «Исамиддин баба» мешіті әйелдер жамағатының ұйымдастыруымен Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті студенттеріне ауызашар себеттері үлестірілді.
 
Игі шара аясында 50 студентке ыстық тамақ таратылып, қасиетті айдың берекесі мен мейірімі айқын сезілді. Бұл бастама – жастарға жан-жақты қолдау көрсетіп, Рамазан айының рухани құндылықтарын насихаттаудың және қоғамда қайырымдылық пен жанашырлықты арттырудың жарқын көрінісі болды.
 
Алла Тағала жасалған игі амалдарды қабыл етіп, сауаптан жазсын!