Skip to content

«ТУРА ЖОЛ» МЕШІТІ РАМАЗАН СЕБЕТТЕРІ ТАРАТЫЛДЫ

Бүгін ҚМДБ Шымкент қаласы, Бақдәулет қажы Нұрматұлының бастамасымен Еңбекші ауданына қарасты, “Тура жол” мешітінің ұйымдастыруымен пітір садақа есебінен, аз қамтылған 30 отбасыға “Рамазан сыйы” атты азық-түлік үлестіру шарасы болып өтті.

Шараға “Тура жол” мешітінің бас имамы Ергешов Тәңірберген және мешіт имамдары қатысып көмек алушы от- басыларға азық-түлік себеттерін үлестіріп, қуаныш сыйлады.

Осы шараға ат салысқан барша жандарға алғысымыз шексіз, Алла разы болсын.