Skip to content

«Құран — Алладан келген, жарық нұр» шәкірттерге тәж кигізу рәсімі өтті

«Құран — Алладан келген, жарық нұр». Пенденің екі дүниесін нұрға бөлейтін кітап. Ал оны үйренудің, оқудың артықшылығы мен сауабы өз алдына бір дара. Құранды жақсылап оқыған, әріптерін дұрыс оқуға машықтанған әрі амал етуге тырысқан мұсылман, Құранды жазуға тағайындалған мәртебелі періштелермен бірге болатынын Айша (р.а.) анамыздан келген риуаяттан көреміз: «Құранды шебер оқуға машықтанған жан Құранды жазуға тағайындалған мәртебелі періштелермен бірге болады».
  Ғалым Абдусаттар Сманов мешітінің әйел жамағатында, діни сауат ашу курсын тәмәмдап, Құран оқуға өткені үшін марапаттау шарасы өтті. Алла екі дүниеде Құранды нұр етіп, ішіндегі аяттарына сай амалда болуды нәсіп етсін