Бүгін Шымкент қаласының Бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлының тапсырмасына сәйкес Тұран ауданының бас имамы Бекбауов Ерман имамның ұйымдастыруымен зекет және қайырымдылық қоры аудандық»Қождан ата» мешітінде қасиетті Рамазан айына орай қайырымдылық шарасы ұйымдастырылып, 40 отбасыға «Рамазан сыйы» таратылды. Игі шараның мақсаты – мұқтаж және көпбалалы отбасыларға қолдау көрсетіп, Рамазан айындағы қайырымдылық пен мейірімділік құндылықтарын насихаттау.
Шара барысында әлеуметтік жағдайы төмен және көпбалалы отбасыларға азық-түлік себеттері үлестірілді.
Тұран ауданының бас имамы Бекбауов Ерман имам жиналған қауымға Рамазан айының рухани маңызы туралы айтып, бірлік пен жанашырлықтың қоғамдағы орнын атап өтті.
Сонымен қатар, шара соңында отбасыларға ізгі тілектер айтылып, береке мен амандық тілеп дұға жасалды.










