Skip to content

«Имани жаз 2025» қыздарға арналған жаздық діни сауат ашу курсын аяқтады

Шымкент қаласы, Абай ауданы, Ғалым Абдусаттар Сманов мешітінде 120 қыз «Имани жаз 2025» қыздарға арналған жаздық діни сауат ашу курсын аяқтады. Бір айлық дәрістерде Құран әліппесін меңгеріп, мұсылманның 40 парызын үйреніп, күнделікті айтатын дұғалар жаттап және әдеп сабақтарын өтті. Әліппені аяғына дейін тәмәмдаған 35 қыз Құран оқуға өтіп, марапатталды. Құран сыйға тартылды. Сонымен қатар, Құран оқып жүрген қыздар Құранның 30-парасын жаттады. Қыздарға «Құран — көңілімнің көктемі» атты бітіру кеші ұйымдастырылды. Қыздар діни ән және тақпақ айтып, ата-ананы құрметтеу жайлы ғибратты ой тастарлық қойылым қойды. Соңында қыздарға тәттілер тарқатылып, қыздар қуанышты көңілмен тарқады.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *