Қазақстан Мұсылмандар Діни Басқармасы Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы Дәуітұлы Шыңғысбай қажы мешітінде Мешітіміздің бас имамы Өмірзах Мамырхан Батуханұлы және әйел-қыздар ұстазы Айнақұлова Әсем Мұханқызының ұйымдастыруымен “Имани-жаз”2025 діни сауат ашу курсы өз мәресіне жетті.
Іс шарамыз “Құраным-Асыл Тәжім” атты тақырыппен қызықты бағдарламамен өтті. Іс шарамызды әуелі Алланың сөзі Қасиетті Құран Кәріммен бастадық. Іс шарамызды мешітіміздің бас имамы Өмірзах Мамырхан Батуханұлының жылы лебізімен аштық.
Шәкірттердің дайындалған діни өлеңдерімен,қызықты ойындармен жалғастырдық.Сабақ барысында өтілген тақырыптардан Әсем ұстаз сұрақ-жауап қойып дұрыс жауап бергендерге сыйлықтар үлестірді. Іс шара соңы 20қыз бала Құранға түсіп,Сертификат табысталып,тәж тағылып кішігірім сыйлықтар беріліп шәкірттерге жайылған дастарханмен жалғасты. Шәкірттердің ұстаздарына деген жылы тілек дұғалары сыйлықтары беріліп дұғамен аяқталды. Барша ат салысқан жомарт игі жандарға Алла мәңгі разы болғай!
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі






