Skip to content

«Әсем киім – әйел ажары» атты сән киім байқауының Шымкент қаласы бойынша іріктеу сайысы өтті

Бүгін Шымкент қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Шымкент қаласы өкілдігі «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен «Әсем киім – әйел ажары» атты сән киім байқауының Шымкент қаласы бойынша іріктеу сайысы өтті.

Соңғы жылдарда мұсылман қыз-келіншектердің шариғат талабына сай киінуі елімізде көп талқыланатын өзекті тақырыпқа айналды. Негізінде, қасиетті Құранның «Нұр» сүресінде шариғатқа сай киінудің парыздығы мен талаптары анық айтылған. Ата-бабаларымыз мәдениетіміз бен ғұрпымызға, ұлттық салт-санамызға сай сан түрлі әсем, әрі келісті ұлттық төл киім үлгілерін (сәукеле, орамал, кимешек, т.б.) жасап шығару арқылы сол талаптарды толық орындап келген. Алайда, заман мен талғамның өзгеруіне байланысты қазір бұл санаттағы  киімдер тек сахнада ғана киіледі. Ал, шариғат бойынша киінгісі келген қыз-келіншектер шетелде тігілген киімдерді алып киюге мәжбүр.

Міне, осы олқылықты толтыру үшін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы сән шеберлері арасында мұсылман қыз-келіншектерге арналған шариғат талабына сай, қазақы нақыштармен әрленген, заманға сай тігілген киім үлгілерін жасап шығаруға мүмкіндік беріп, әртүрлі сайыстар өткізіліп келуде.

Байқауда қала және аудандардан  келген 6 дизайнердің ұсынған 40-тан аса  киім үлгілері көрсетілді.
Іс-шараның мақсаты – әйел-қыздарға шариғат пен дәстүрімізге сай, қазіргі заман талабына орай орамал мен киім үлгілерін ұсыну. 
Аталмыш шарада төрт киім үлгісі көрсетілді: күнделікті өмірге, той мерекелерге арналған, кеңселік киім, спорттық киімдер. 

Байқау қорытындысы бойынша :
1. 1 — ші орын Бектурғанова Гульнура 100 000 тг қаржылай сыйлық иегері атанып, Республикалық сайысқа жолдама алды;
2. 2-ші орын Турабекова Зулейха 70 000 тг қаржылай сыйлықпен марапатталды;
3. 3- ші орын Сығымбекова Мөлдір 50 000 тг қаржылай сыйлықпен марапатталды.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *